• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке енген түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке енген түзетулерді мақұлдады

24 Қараша, 2015 11:47
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

2015 жылғы республикалық бюджетті нақтылаудың негізі 2014 жылғы экономика көрсеткіштерін ескере отырып, 2015-2019 жылдарпға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарын түзету болды.

Мұнайға бекітілген әлемдік бағаға сәйкес, әлемдік тауар нарығы мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық  болжамын ескере отырып Қазақстанның дамуы белсенділетілді.

Бұл ретте республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2015 жылы 3 трлн 174,2 млрд. теңге мөлшерінде бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 45,8 млрд. теңгеге төмен.

Республикалық бюджет тапшылығы 1 257,7 млрд. теңге мөлшерінде (2014 жылғы бюджет қаражатының 1,2 млрд. теңге сомасындағы тартылған қалдықтарын ескере отырып) немесе ЖІӨ-ге қатысты 3,0 % деңгейінде сақталды.

Кірістердің негізгі азаюы корпоративтік табыс салығы бойынша 183,5 млрд. теңгеге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше  елдерден түсетін әрі бөлінетін кедендік баждар бойынша 50,3 млрд. теңгеге күтіледі.

2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары бекітілген мөлшерге қатысты 66,5 млрд. теңгеге азайтыла отырып, 7 179,2 млрд. теңге көлемінде бекітіліп отыр.

 

Барлық жаңалықтар