Б.Сапарбаев: Ақтөбе облысының бюджеті 2,3 млрд теңгеге қысқартылды

24 Қараша, 2015 11:31
Ақтөбе облысының бюджеті 2,3 млрд теңгеге қысқартылды, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Ең басты мәселе -  экономика өсімін қамтамасыз ететін қосымша қор табу. Бюджетті оңтайландыру бойынша жоспар құрылып, жұмыс тобы әзірленді. Осы уақыт ішінде біз бюджетті 2,3 млрд теңгеге қысқарттық. Бірінші кезекте, қаондырғы, инвентарь, кейбір көліктер мен құрылыс жұмыстары қысқартылды», - деді Б.Сапарбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жұмыс істемей тұрған кәсіпорын, мекеме, нысандар жағдайы қарастырылуда.

«Елбасы атап өткендей, ең маңызды қорлардың бірі мемлекеттік-жекешелік серіктесті. Біз қазір кәсіпкерлер мен инвесторлармен жұмыс істеудеміз. Біз ұсынысымызды енгіздік, ол әлеуметтік-мәдени нысандар мен тұрғын үй коммуналды шаруашылық саласына байланысты болып келеді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар