- Басты
- Жаңалықтар
- Еуропалық компаниялар тобы Өскеменде ЖЭС-2 салу туралы ұсыныс білдірді
Еуропалық компаниялар тобы Өскеменде ЖЭС-2 салу туралы ұсыныс білдірді
Өскеменде ЖЭС-2 салу қажеттілігі қаланы 2020 жылға дейін жылумен қамту туралы бекітілген кестеде айқын көрсетілген.
Заманауи жоғары технологиямен жабдықталған жаңа ЖЭС құрылысы, жылу күшінің жетіспеушілігін жойып қана қоймай, тұтынушыларды сенімді жылумен қамтып, қала мен оның маңайындағы аудандарды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, қосымша электр қуатын өндіріп шығаруға сеп болмақ. Нысанның күші 300 МВт болады деп жоспарлануда.
Немістің «Global Invest Ltd» инвестициялық компаниясы «E3P Group» (Чехия) және «North Trade Energy» (Германия) энергоқұрылыс компанияларымен бірлесіп замануаи жоғары технологиялық және сенімді еуропалық энергетикалық технологияларды қолдана отырып, жаңа ЖЭС құрылысын инвестициялауға дайын екендіктерін жеткізді. Аталмыш кәсіпорындар Германия, Чехия, Ресей және Пәкістан елдерінде жылу-электр орталықтарын сәтті іске қосқан.
«E3P Group» компаниясының коммерциялық директоры Онджей Штербактың айтуы бойынша олар өз қаржыларына жобаның технико-экономикалық негіздемесін дайындап, жоғары экологиялық стандарттарға сай, түтіксіз мұржалы ЖЭС-2 нысанын 3,5 жылдың ішінде салып бітіруге ниетті.
Өз кезегінде облыс әкімі Даниал Ахметов еуропалық компаниялардың жобаға қатысуы туралы келіссөздер, жобаның технико-экономикалық негіздемесі дайын болған кезде жүргізілетінін басып айтты.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді