ҚР Ұлттық банкі: Қазақстанда 2015 жылдың 10 айында депозиттер 4,6 пайызға өсті

24 Қараша, 2015 11:12
Қазақстанда 2015 жылдың 10 айында депозиттер 4,6 пайызға өсті, деді Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыста Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

«Биылғы 10 айда депозиттер 4,6 пайызға өсті. Шетелдік валютадағы депозит үлесі 55,5 пайыздан 65,9 пайызға өсті. Бұл ұлттық валютаның әлсіреуінен кейін болған қайта бағалау көрсеткіші», - деді ол.

Банктердің несиелеу көлемі 12 трлн теңгені құрады. «Ұлттық банктің жалпы халықаралық қоры 2015 жылдың қазанында 28,7 млрд доллар көлемінде болды. Елдің халықаралық қор көлемі 92,5 млрд долларды құрайды», - деді Д.Ақышев.

Ведомство басшысы атап өткендей, Ұлттық банктің басты міндеті инфляциялық болжамның трақталуы мен көрсеткіштің дәлізге оралуы. «2016 жылы инфляция деңгейі дәліз көрсеткішіне жақын болады деп күтудеміз. Валюта нарығында жағдай тұрақтанды», - деді ол.

Ұлттық банктің болжамдары бойынша экспорт көлемі 2015 жылы 39,2%-ға 48,8 млрд АҚШ долларына дейін, импорт 21,0%-ға 34,4 млрд АҚШ долларына дейін төмендейді. Сондықтан да биылғы жылы инфляция дәлізі 6-8 пайыздан 8-10 пайызға дейін артты

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар