- Басты
- Жаңалықтар
- Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісінде екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісінде екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының адам аз тұрақтайтын аумақтарында темір жолдар төселді. Аудандардың шалғайда орналасуы мен инфрақұрылым нысандарының салынбағандығын ескересек, болат магистральдар аймақтарға жаңа дем, жаңа өмір сыйлады.
Жезқазған – Сексеуіл, Бейнеу – Шалқар учаскілерінде 18 бөлім бекеті мен Арқалық – Шұбаркөл желісінде 7 станция пайдалануға берілді. Теміржол инфрақұрылым нысандарында 2153 адамға штаттық жұмыс орны ашылды. Бүгінде 1464 адам қызметке қабылданды.
Қазіргі уақытта Жезқазған электрмен жабдықтау дистанциясы, Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясы, Сексеуіл жол дистанциясы, Арқалық жол дистанциясы жасалуда.
Шалқар, Құлсары, Жаңаарқа, Қосмұрын, Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының қызмет көрсету шекарасы кеңеюде.
Естеріңізге сала кетейік, қолданысқа берілген бұл теміржолдар Солтүстік – Оңтүстік, Шығыс - Батыс арасындағы жүкағынын оңтайландырады. Жаңа темір жолдар мемлекетіміздің транзит әлеуетін арттырып қана қоймай, Орталық және Батыс Қазақстанның дамуына, аудандардың экономикалық белсенділігіне өз үлесін қоспақ.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары