2015 жылы Ақтөбе облысының экономикалық өсімі 100 пайыздан кем болмады

24 Қараша, 2015 11:08
2015 жылы Ақтөбе облысының экономикалық өсімі 100 пайыздан кем болмады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапараев.

«Елбасы  жүктеген ең маңызды тапсырмалардың бірі – экономика өсімін қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру деңгейін көтеріп, жұмыссыздықпен күресу. Біз бұл тапсырмаларды жүзеге асырудың жолдарын іздестіріп, шаралар қолданып жатырмыз», - деді ол.

Облыс әкімі атап өткендей, өңір мұнайлы болып, әлемидік дағдарыстың әсер еткеніне қарамастан экономикалық өсім 2015 жылы 101,5 % құрады.

«Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге келетін болсақ, үш көрсеткіш бойынша біз өткен жылғыдан қалып келеміз.Ең бастысы осы жылы экономикалық өсімнің әлдеқайда жақсарғаны», - деді облыс әкімі.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар