Тегеранда газ саласының даму әлеуеті мен жағдайы талқыланды

24 Қараша, 2015 17:51
Тегеранда Ресей, Иран,Ирак, Түрікменстан, Боливия, Экваториальды Гвинея, Нигерия президенттері мен Алжирдің премьер-Министрі, Мысыр, БАӘ, Катар, Норвегия, Тринидада мен Тобаго, Перу мен Ливия, Әзірбайжан, Голландия экономикасының министрінің қатысуымен газды экспорттаушы елдердің III саммиті өтті.

Айта кетейік, Газды экспорттаушы елдер форумы 2001 жылы құрылды, заңды түрдегі құзырет 2008 жылы берілді. Форумның мақсаты – өндірушілер арасындағы өзара қарым-қатынас пен диалогты қалыптастыру.

Жаһандық энергетикалық нарықтағы жоғары рөлді айтатын болсақ, Қазақстан құрметті қонақ ретінде шақырылды, саммитте Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов таныстырды.

Форумға қатысушылар әлемдегі газ саласының әлеуеті мен жағдайын талқылады. Сондай-ақ, әр түрлі жағдайлар кезінде газды қолдану жолдары мен өндірістік саладағы мақсатты пайдалану мәселелері талқыланды.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар