- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Абайдың 170 жылдығына арналған музыкалық-әдеби кеш өті (ФОТО)
Алматыда Абайдың 170 жылдығына арналған музыкалық-әдеби кеш өті (ФОТО)
Өз құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек Абай Құнанбаев өзінің ерекшелігі мен даналығымен қазақ әдебиеті мен мәдениетін жаңа деңгейге шығарғандығын атап өтті.
«Абайдан кейін жүз жыл өтсе де, оның ойлары мен идеялары халықтың тұрмысымен, Тәуелсіздікпен, «Мәңгілік елмен» әлі күнге дейін байланысты болып келеді. Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, ақынның «әрбір адамды өзіңнің ағаңдай жақсы көру, бүгінгі толеранттылықтың белгісі. Өзінің негіздері мен идеалының нәтижесінде Абай рухани брендке айналып, әлемге танылды», - деді Б.Байбек.
Салтнатты кеш барысында қазақтың бас ақының әндері мен өлеңдерін Бибігүл Төлегенова, Мақсат Мақұлбек, Рамазан Стамғазиев, Данияр Байжұманов, Әбілахит Еспаев, Шәкизада және Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор академиялық симфоникалық оркестрі орындады.
Ұлы Абайдың 170 өлеңі мен 56 шақты аудармасы,45 қара сөзі бар. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир,Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді