- Басты
- Жаңалықтар
- Ресейдегі Қазақстан Елшісі Марат Тәжин РФ Федерация Кеңесі төрағасының жанындағы Интеграциялық клубының отырысына қатысты
Ресейдегі Қазақстан Елшісі Марат Тәжин РФ Федерация Кеңесі төрағасының жанындағы Интеграциялық клубының отырысына қатысты
Қатысушылар Еуроодағы мен Еуразиялық экономикалық одағының халықаралық лаңкестікке бірлесіп қарсы тұру, экономикалық пен гуманитарлық байланыстарын нығайту, және екі құрылым арасында орын алып отырған кейбір қайшылықтарды еңсеру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, отырыста ЕАЭО-ның ШЫҰ, БРИКС, АТЭС, "G-20", және Азия, Африка, Латын Америкада орналасқан басқа ірі интеграциялық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жүргізу мүмкіндіктері қарастырылды. Осындай ұйымдар арасындағы әріптес ынтымақтастықты орнатуда парламент мүшелері деңгейіндегі байланыстары ерекше орын алатыны айтылды.
РФ Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко отырыс барысында жалпыға ортақ қыр көрсетулермен және қауып қатерлермен тиімді қарсы тұру үшін мемлекетаралық деңгейдегі ықпалдастықтың барлық жолдарын қолдану, іс-шараларды біріктіру және үйлестіру қажет екені халықаралық лаңкестіктің жан түршігерлік қылмыстары барлығына тағы анық көрсетті деді.
В.Матвиенконың айтуынша, тең құқықтық, прагматизм және қадірлестік секілді негізгі қағидаларды басшылыққа алған Еуразия экономикалық одағымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылықтың қазіргі кезде өсе бастағанын атап өтті. "Құрылымның жастығына қарамастан, бұндай қағидаларға сүйенген ұйымның үлгісі тіпті алыс шет елдер үшін де қызықты болуда", – мәлімдеді ол.
Қазақстан Елшісі Марат Тәжин өз кезегінде қазіргі әлемде 95 интеграциялық құрылымдар мен одақтар жұмыс істеп отырғанын және қол қойылғанын 590 аймақтық сауда келісім-шарттардың тек 377 күшіне енгенін айтты. "Олардың көбісі еркін сауда аймақтары болып табылады, тек 17-сі кеден одағы болып саналады. Осы саннан алты одақ қана шын мәнінде қызмет етуде және олардың ішінен тек Еуроодақ, ЕО-Түркия және ЕАЭО толық кеден одағы болып келеді", – ескеріп айтты Елші.
М.Тәжин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы "Еуразиялық трансконтиненталды коридор" атты жаңа жылдамдықты, мультимодалды көліктік бағытын құру туралы ұсыныс жариялағанын еске салды. "Бұның бас мақсаты – Азиядан Еуропаға және қайту жолында жүктердің кедергісіз транзитін қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта орналасқан Қазақстан, Ресей және барлық елдер аумақтарында өндірістің дамуына итермеші күш пайда болады. Елбасы көліктік бағыттарын байланыстыруға шақырудан басқа, Жалпыға ортақ Еуразиялық экономикалық кеңістікті құруды бастама еткені арқылы құрлықаралық диалогтың шеңберін кеңейтті", – деді Елші.
Қазақстан дипломаты ЕАЭО әлемдік интеграциялық жүйесіне сай келгенін және қазіргі кезде ЕАЭО-ның кең халықаралық танылуы маңызды мақсатқа айналғанын мәлемдеді. «Азия бағытында біраз жұмыс атқарылды. ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауа аймағы туралы келісімге қол қойылды. Одан басқа Қытай, Үндістан, Оңтүстік Кореямен сауда-экономикалық келісім-шарттар пысықталуда. "ЕАЭО-ның Жібек жолының Экономикалық белдеуімен түйіндесу» үдерісі қалыптасуда. Азия елдерімен ынтымақтастық жылдам құрылып жатқан болса, ағымдағы жылы басталған ЕАЭО-ның Еуропалық Одағымен келіссөздер үдерісі оңай болмас. Сонымен де, Еуразия мен Еропаның ынтымақтастығы бәрібір түбінде қажет болады", – деген пікірін айты М.Тәжин.
Бұдан басқа РФ Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев, ШЫҰ-ның Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев, Франциядан Еуропарламенттегі депутат Жан-Люк Шаффхаузер, Еуразиялық экономикалық комиссиясының Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Виктор Спасский, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің ректоры Михаил Эскиндаров, РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Сергей Рогов, РҒА Латын Америка институтының директоры Владимир Давыдов, Қытай, Беларусь, Армения төтенше және өкілетті елшілері, белгілі ресейлік ғалымдар мен сарапшылар өз пікірлерімен бөлісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы