Н.Радостовец: Қазақстанда жекешелендірудің жаңа жолы пайдаланылады

23 Қараша, 2015 20:24
Қазақстанда жекешелендірудің жаңа жолы пайдаланылады, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер Кеңесінің атқарушы директоры, мүшесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі Николай Радостовец Үкіметтің селекторлық отырысында.

«Жекешелендірудің жаңа жолы пайдаланылады. Бастапқыда жоғарылау болады, яғни кім көп төлейді соған байланысты болады. Ал кімде кім төлемесе және сатып алушыны табуға жағдай болмаса, Үкімет төмендеуге жол береді. Егер бұндай жағдайда аталмыш нысан немесе компания сатылмаса, инвестор табылмаса, онда жою процесі болады. Жалпы қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында Үкімет кәсіпкерлік саласын кеңейтуге, бәсекелестікті дамытуға, мемлекеттік сектор үлесін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр», - деді Николай Радостовец.

Жалпы, оның айтуынша, инфрақұрылымды дамыту саласында Қазақстан экономикасының одан әрі дамуы үшін жағдайлар жасалуда.

Барлық жаңалықтар