- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Радостовец: Үкімет жақын арада жекешелендірілуі тиіс 65 нысанды атайды
Н.Радостовец: Үкімет жақын арада жекешелендірілуі тиіс 65 нысанды атайды
«Бүгін әкімдердің, Ұлттық банк төрағасының қатысуымен Үкімет отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының тапсырмалары талқыланды. Отырыстың күн тәртібінде 11 маңызды мәселе қаралды. Бұл мәселелердің қатарында жекешелендіру, жария ету және нарықтарда бағаларды бақылау бар. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бар. Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіпкерлер ретінде «Нұрлы жол» Қазақстан экономикасында үлкен тұрақтандырушы рөл атқаратынына сенімдіміз. Және де қазіргі таңда аяқталып қалған көптеген жобалар жұмыс орындарын сақтап қалуда. Әкімдер жыл соңына дейін қаржының барлығын игереміз деп есеп берді. «Нұрлы жол» әлі де жалғасын табатын бағдарлама», - деді Н.Радостовец.
Оның айтуынша, инфрақұрылымды дамыту саласында Қазақстан экономикасының одан әрі дамуы үшін жағдайлар жасалуда.
«Қазіргі жағдайда Үкімет маңызды қадамдар жасады. Үкімет жақын арада жекешелендірілуі тиіс 65 нысанды атайды. Және жекешелендірудің жаңа жолы пайдаланылады. Бастапқыда жоғарылау болады, яғни кім көп төлейді соған байланысты болады. Ал кімде кім төлемесе және сатып алушыны табуға жағдай болмаса, Үкімет төмендеуге жол береді. Егер бұндай жағдайда аталмыш нысан немесе компания сатылмаса, инвестор табылмаса, онда жою процесі болады. Жалпы қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында Үкімет кәсіпкерлік саласын кеңейтуге, бәсекелестікті дамытуға, мемлекеттік сектор үлесін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр», - деді Николай Радостовец.
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі -
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар -
Үкімет: Пандемия кезінде білім беру саласында қабылданған шаралар -
ҚР-дағы вакцинациялау: Вакцина алатын азаматтар нені білуі тиіс -
Президент тапсырмасы: Қазақстан үкіметі қандай шараларды қолға алды -
ҚР-дағы вакцинация: Вакцина алатындар нені білуі тиіс, қандай мекемелерде жүргізіледі және кімдерге салынбайды -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Жаңа үкімет құрамы жасақталды