Қазақстан аумағындағы инвестициялық жобалар Саксонияда ұсынды

24 Қараша, 2015 10:07
Лейпциг қаласында «2050 Қазақстан жолы: қазақстандық экономикасының индустрияландыру шеңберінде шикізат, өнеркәсіп және инновация салаларындағы қазақ-герман ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және келешек дамуы» тақырыбында Германиядағы Қазақстан Елшілігі, ҚР Инвестиция және даму министрлігі және Лейпциг қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Экономика күндері өткізілді.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, қазақстандық тараптан шарада ГФР-дағы ҚР Елшісі Болат Нүсіпов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүсенбай Тұрғанов, «Kaznex Investт» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов және «Қазақстан Машинажасау қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары Тимурлан Алтаев, мемлекеттік мекемелер және ұлттық компаниялардың жауапты қызметкерлері, неміс тарапынан Бундестаг депутаты Йоханнес Зелле, Лейпциг қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Вольфганг Топф, сондай-ақ Саксония жерінің экономикалық және іскерлік топтарының 60 астам өкілдері қатысты.

Қазақстандық Елші өзінің сөзінде қатысушыларды «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, ЕСА және ШЫХО «Хоргос» инвестициялық мүмкіндіктерімен, «Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі мақсаттары және міндеттерімен таныстырды. Сондай-ақ, шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салаларындағы қазақ-герман ынтымақтастық мәселелердің жүзеге асырылуына, соның ішінде қазақ-герман Іскерлік Кеңесінің басымдық тізімінее енген екіжақты жетекші жобаларды қоса алғанда және Астанада өтетін«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне герман тарапының қатысуына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде, неміс тарапы еліміздің инвестициялық жағымды тартымдылығын атап өтіп, «шикізат орнына технологиялармен алмасу» формуласы шеңберінде жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Пікір алмасу нәтижесінде екі тарап арасында инновация және жаңа технологиялар салада екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бір талай мүмкіндіктер бар екені анықталды. Тараптар ынтымақтастықты жаңа даму деңгейге шығару үшін едәуір құқықтық негіз құрылғанын және аталған мақсатты жүзеге асыру үшін тиісті тетіктер қалыптасқанын атап өтті. 

Іс-шара барысында Павлодар облысының Әкімдігі мен «CUBE Engineering GmbH»  неміс фирмасы арасында Жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат жел және күн электростанциялары үшін компонентер өңдірісін құруды қарастырады. Одан басқа, қазақ делегациясының орта және ірі неміс компаниялардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулері өтті. Олардың барысында Қазақстан жерінде нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Саксония Шығыс Германияның қарқынды дамып жатқан аймақтарға жатады, мұнда дәстүрлі кен-тау, металлургия, азық-түлік, химия өнеркәсібі, машинажасау, логистика және электроника салалары дамыған. Жергілікті компаниялар ГДР кездерінен бері Қазақстанмен жақсы әріптестік байланыстар орнатқан. Қазіргі уақытта көптеген Саксония компаниялары Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асыруда, нақты айтқанда, Германия химиялық саласындағы көшбасшылардың бірі «Chemieanlagenbau Chemnitz GmbH (CAC)» компаниясы Қазақстанның химиялық және мұнай химиялық салалардың дамуына өз үлесін қосуда, «SARAD GmbH» компаниясы «Қазатом өнеркәсіп ҰАҚ» АҚ белсенді ынтымақтастық орнатуда, бірқатар саксондық компаниялар «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуға ниет білдіруде.

Сонымен қатар, Лейпциг, Дрезден және Фрайберг қалаларындағы университеттерде «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде көптеген студенттер техникалық мамандықтар бойынша білім алуда.

 

Барлық жаңалықтар