- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде қорытынды тексерудің екінші кезеңі басталды (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінде қорытынды тексерудің екінші кезеңі басталды (ФОТО)
Бүгін екінші кезең басталды. Комиссия әскери қызметшілердің негізгі оқыту пәндері бойынша жеке дара дайындығын бағалады. Содан кейін оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында бөлімшелердің үйлесімділігі, дабыл бойынша кенеттен көтеру, белгіленген аудандарға шығу, практикалық оқ атуларды орындау, тактикалық оқу-жаттығуларды, сондай-ақ жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс-шараларының өткізілуі тексерілді.
Онда Қарулы Күштердің барлық қалған бөлімдері тартылады. Бұл армияның қорытынды бағасы болмақ. Оның нәтижелері бойынша үздік құрамалар, үздік әскери бөлімдер мен үлгілі әскери қызметшілер анықталады. Тексерудің бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің 32363, 29108, 42968, 62064, 12740 және 77035 әскери бөлімдері «4» деген орташа баға алып, өздерінің жақсы білімдерін көрсетті.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімінде 2-мотоатқыш батальонының әскери қызметшілері жақсы жағынан ерекшеленді. Осы батальонның әскери қызметшілері барлық пәндер бойынша қорытынды тексеріске тиянақты дайындалған. Олар далада өздерінің білімдері мен практикалық дағдысын көрсетті. Бөлімнің бірқатар әскери қызметшілері жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтағы үздік көрсеткіштері үшін жақсы жағынан көзге түсіп, бөлім командирімен көтермеленді.
ҚР Қарулы Күштерінде 2015 оқу жылы бойынша әскерлердің қорытынды тексерісі 16 қарашада басталғанын естеріңізге сала кетейік. Қорытынды тексерістің нәтижелері осал тұстарды айқындап, еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін жетілдіру үшін әрі қарайғы бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады