- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат спикері Еуроодақтың Тұрақты өкілі мен Латвия Елшісін қабылдады
Сенат спикері Еуроодақтың Тұрақты өкілі мен Латвия Елшісін қабылдады
Қ.Тоқаев Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып табылатын Еуроодақпен өзара қарым-қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті. Төраға Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могеринидің биылғы желтоқсанда Астанаға сапары кезінде қол қою жоспарланған Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің ерекше маңыздылығын айтты.
Т.Христеа Қазақстанның теңгерімді сыртқы саясатының арқасында Еуроодақпен өзара тиімді байланыстар алдағы уақытта да дами түсетініне сенім білдірді. Тұрақты өкіл Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасының мән-маңызына назар аударды. Еуроодақтың тұрақты өкілінің пікірінше, созылмалы жанжалдар, босқындардың жаппай ағылуы мен террористік шабуылдар аясында дінаралық үнқатысу саясатының қажеттілігі мен келешегі анық байқалады.
Қ.Тоқаев 2016 жылғы 31 мамырға жоспарланған, еуропалық және азиялық депутаттар, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының мүшелері қатысатын «Дін терроризмге қарсы» халықаралық парламенттік конференция туралы Т.Христеаны хабардар етті.
Сол күні Қ.Тоқаев таяуда Президент Н.Назарбаевқа сенім грамотасын табыс еткен Латвия Республикасының Елшісі Юрис Погребняксты қабылдады. Жоғарғы Палатаның басшысы Қазақстан мен Латвия қатынастарын нығайту ісінде Елшіге табысты болуына тілектестігін жіткізді.
Қазақстан Парламенті мен Латвия Сеймі арасындағы үнқатысуды дамыту келешегі, сондай-ақ екі елдің білім беру саласындағы өзара ынтымақтастығы туралы пікір алмасылды.
Латвия елшісі Төрағаға қазіргі кезде өз елінде 250 қазақстандық студент оқып жатқаны туралы хабарлады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады