• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыдағы Универсиада-2017-ге арналып салынып жатқан нысандар мерзімінде тапсырылады

Алматыдағы Универсиада-2017-ге арналып салынып жатқан нысандар мерзімінде тапсырылады

23 Қараша, 2015 20:21
Студенттік спорттың халықаралық федерациясының (FISU) техникалық комиссиясы Алматыға келген соңғы сапарында Универсиадаға дайындық барысына оң бағасын берді, деп хабарлады Универсиаданы өткізу дирекциясының басшысы Әсет Абдуалиев.

«Студенттік спорттың халықаралық федерациясының (FISU) техникалық комиссиясы Алматыға келген соңғы сапарында Универсиадаға дайындық барысына оң бағасын берді. Комиссияның барлық ескертпелері мен ұсыныстары ескерілетін болады және Универсиада-2017-ге арналып салынып жатқан нысандар мерзімінде тапсырылады», - деп атап өтті Ә.Абудалиев.

Салынып жатқан барлық нысандарды тестілік жарыстар өткізу үшін кестеге сай 2016 жылы күзде пайдалануға беру көзделген. Ал, Алматыдағы Универсиада 2017 жылдың қаңтар-ақпанында өткізіледі. 

Барлық жаңалықтар