• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Байбек: Алматыдағы Универсиадаға дайындық барысындағы қазақстандық қамтудың үлесі 53%-ға дейін ұлғайтылды

Б.Байбек: Алматыдағы Универсиадаға дайындық барысындағы қазақстандық қамтудың үлесі 53%-ға дейін ұлғайтылды

23 Қараша, 2015 19:28
Алматыдағы Универсиядаға дайындық барысындағы қазақстандық қамтудың үлесі 53%-ға дейін ұлғайтылды. Енді 17 млрд теңге операциялық бюджеттің жартысынан көбі қазақстандық өндірушілердің тауарлары, жұмыстары мен қызметтері болады, деп хабарлады Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Универсиада 2017-ге дайындық аясындағы қазақстандық өндірушілермен ынтымақтастық форумы барысында.

Оның айтуынша,  2017 жыл қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан ары дамытудың бірегей мүмкіндігі болмақ,  сондықтанда аталмыш нысандардағы қазақстандық қамту үлесі Алматы қаласы саясатының басымдық берілген бағыттарының бірі.

«Универсиада – болашағы зор нырақтарды игерудің жарқын үлгісі. Жобаны жүзеге асыруда ШОБ-тың  шамамен 1200 субъектісі жұмыс істеуде. Нысандардың құрылысы мен күтіміне жұмсалатын қаржы шаһар экономикасына жұмыс істеуі керек», - деп атап өтті өз сөзінде Б.Байбек.

Жалпы, алматылық кәсіпорындардың Универсиадамен ынтымақтастық кеңістігі өте кең. Бүгінде қалада 184 мың кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде 1825 өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылдың 10 айында 526,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Оның үстіне шаһардағы кәсіпорындар мыңнан астам түрлі тауар түрлерін өндіреді және олар жыл сайын артып келеді.

«Алматыдағы Универсиядаға дайындық барысындағы қазақстандық қамтудың үлесі 53%-ға дейін ұлғайтылды. Енді 17 млрд теңге операциялық бюджеттің жартысынан көбі қазақстандық өндірушілердің тауарлары, жұмыстары мен қызметтері болады», - деді әкім. 

Барлық жаңалықтар