- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарды отбасыға орналастыру жобасы басталды
Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарды отбасыға орналастыру жобасы басталды
Жобаның іске асырылуы әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Балалар үйінің отбасына орналастырылған балаларды сүйемелдеудегі ролі» тақырыбындағы семинар - тренингтен басталды. Оның мақсаты - балалар үйінің қызметкерлерін тәрбиеленушілерді отбасында өмір сүруге бейімдеу жұмыстарына үйрету.
Семинарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері және өңірлерден келген облыстық балалар үйлерінің директорлары қатысты.
Әлеуметтік жетімдіктің (ата-аналары әртүрлі себептермен олардың тәрбиесімен шұғылданбайтын тірі жетімдердің) мәселелері, «қайта орын алған жетімдік феномені» (баланы тәрбиелеуге алған отбасының баланы жетімдер үйіне қайтаруы) бүгін қазақстандық қоғам үшін өзекті болып отыр. Оларды шешу жүйелі көзқарас, бала алушы ата-аналарды және әлеуметтік қызметкерлерді оқыту арқылы мүмкін.
Семинардың бағдарламасы әртүрлі жаттығуларды орындау, шағын топтарда жұмыс жасау және пікірталасқа қатысу арқылы тренинг форматында «Болашақ үшін жауапты» қайырымдылық қорының бастамашылығымен әзірленді. Қатысушыларды тәжірибелі жаттықтырушы мамандар оқытады. Олар: Дина Магнат, балаларды отбасыға орналыстыру бойынша қызметкерлерге семинар-тренинг өткізіп жүрген маман және екі баланы асырап алған ана, Елена Соловьева, бала асырап алушылар мен қамкоршылар мектебінің тренері және өзі екі баланы асырап алған көп балалы ана.
Семинардың соңында қатысушыларға тренингтен өткені туралы белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
«Балалар мейірімді және қамқор ата-ананың бауырында өсуі керек. Әлеуметтік құрылымдар мен біздің қордың жұмысы әр баланың отбасында тәрбиеленуіне бағытталған. «Балаларға деген сүйіспеншілік» бағдарламасы ең алдымен бала асырап алған отбасыларға көмек ретінде жасалған», - деді «Болашақ үшін жауапты» қайрымдылық қорының бағдарламалар жетекшісі Нателла Имамова.
«Балаларға деген сүйіспеншілік» атты грантты байқау 2013 жылдан бастап жыл сайын өтетіндігін естеріңізге саламыз. 2015 жылы қазақстандық ұйымдар бірінші рет байқауға қатысуға шақырылды, нәтижесінде 11 өтініш келіп түскен. Астана SOS Балалар қалашығының жобасы қолдау тапты. 2015 жылы Қазақстан мен Ресейдегі байқау жобаларының қаржыландыру қоры шамамен 100 млн.теңге құрады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар