• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ағымдағы жылы Жаңаөзенді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін 6 млрд теңге бөлінді – әкімдік

Ағымдағы жылы Жаңаөзенді әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін 6 млрд теңге бөлінді – әкімдік

23 Қараша, 2015 18:01
Ағымдағы жылы Жаңаөзенді әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау облыстық басқармасының мәліметі бойынша, ағымдағы жылы Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 6 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3,1 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 2,3 млрд теңге,  «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен – 500 млн теңге қарастырылды.

«Бүгінде 320 орынға есептелген үш балабақшаның құрылысы аяқталды, Маңғыстау көшелерін жарықтандыру, 5 спорттық құрылым мен сауда-ойын сауық орталығын қайта қалпына келтіру жұмыстары  аяқталды», - деді экономика және бюджеттік жоспарлау облыстық басқармасы бастағының міндетін атқарушы Светлана Нарешова.

Моноқалаларды дамыту аясында 2015 жылы 1,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде экономиканы әртараптандыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға  345,7 млн теңге, инженерлік инфрақұрылымдарға 791,6 млн теңге бағытталды. 

Барлық жаңалықтар