Д.Назарбаева: Халықты жұмыспен қамту мәселесіне аса назар аудару қажет

23 Қараша, 2015 15:38
Халықты жұмыспен қамту мәселесіне аса назар аудару қажет, деді Үкіметтің селекторлық отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева.

«Халықты жұмыспен қамту мәселесіне аса назар аудару қажет, ол  қазіргі экономикалық жағдайда қысымға тап болады, сондықтан бұл орайда мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп, ұйымдасқан нақты қызметі қажет», - деді вице-премьер.

Д.Назарбаеваның айтуынша, Қазақстан өңірлерінде дағдарысқа қарсы штабтар мен үшжақты комиссиялар бар, олар өте нақты жұмыс істеулері қажет. Бұл мәселе барлық жергілікті органдар үшін басымдықта тұруы тиіс.

«Бас прокуратура мәліметінше, тәртіп бұзушылық көбейгені анықталды. Бұл ұрлық-қарлық мәселесі, демек жергілікті орган қызметкерлері жұмысты тыңғылықты бітіріп отырған жоқ, сондықтан жергілікті атқарушы органдар жауапкершілікті мемлекеттік органдарға жүктеп оытрулары тиіс. Облыстарда 7 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, ол жобаларға бағытталатын қаржы да жергілікті атқарушы орган құзырында», - деді Д.Назарбаева.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар