2016 жылы «Анар-Теміртау» автожолының қайта жөнделуі аяқталады

6 Қараша, 2013 09:16
Қарағанды облысында «Орталық-Оңтүстік» транзиттік дәлізін жөндеу бойынша ағымдағы жылдың маусым айында республикалық маңызы бар «Анар-Теміртау» бағытында жөндеу жұмыстары басталды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қайта жөндеу жұмыстары 3 жылға созылып, 2016 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жұмыстың бірінші бағыты бойынша «Анар-Осакаровка»  10 шақырымдық жолы жөнделеді, келер жылы «Осакаровка-Батпақ» бағытының 21 км жөнделіп, «Батпақ-Теміртау»  бағытының  62 шақырымы жөнделеді», - деп хабарламада нақтыланған.

2013 жылы республикалық және жергілікті бюджеттің қаражатына 10 шақырым жер  жөнделді, толық  жөндеуден 23 км өтсе, 166,6 км жол орта жөндеуден өтті.

Айта кетерлігі, орталық көшелердің  жолдары кешенді жөндеуден өткен. Жаңа гранитті кедергілер мен техникалық тротуарлар, асфальттің жаңа түрі салынуда. Ұсақ тастармен көмкерілген жол төсемі  қайта жөндеу уақытын біршама уақытқа кейін шегертеді.

 

Барлық жаңалықтар