• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мамытбеков: Қазақстанның ішкі қолданысындағы отандық өндіріс үлесі 100 пайызды құрайды

А.Мамытбеков: Қазақстанның ішкі қолданысындағы отандық өндіріс үлесі 100 пайызды құрайды

23 Қараша, 2015 15:07
Қазақстанның ішкі қолданысындағы отандық өндіріс үлесі 100 пайызды құрайды, деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Үкіметтің селекторлық отырысында.

«Қазақстанның ішкі қолданысындағы отандық өндіріс үлесі 100 пайызды құрайды. Қамтылудың  жоғарғы пайызы отандық өнім үлесінен болғандықтан, аталмыш өнімдерге импорт жоқ екендігін көрсетеді», - деді А.Мамытбеков.

АШМ басшысы азық-түліктің төрт түрін ерекшеледі: өңделген күріш, ұн, дәнді-дақыл, нан. Осы өнімдердің отандық үлесі ішкі қолданыста 100 пайызды құрап отыр.

«Мәселен, 2014 жылы күрішпен қамту 106,5 пайызды құрады, оған қоса, импорт көлемі 23 мың тонна немесе 18,3 пайыз қолданыстағы көлемнен құралған. Бұл аталмыш өнім бойынша экспорт көлемі 52 мың тонна немесе 39,7 пайызды құрайды», - деді ол.

АШМ мәліметі бойынша, азық-түлік, алма, құс еті, шұжық өнімдері, ірімшкі, қант, балық бойынша отандық үлес ішкі қолданыста 80 пайызды құрайды.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар