«ҚазАгро» холдингі бәсекелестік ортаға 4 еншілес компаниясын өткізеді

23 Қараша, 2015 15:02
«ҚазАгро» холдингі бәсекелестік ортаға 4 еншілес компаниясын өткізеді, деп хабарлады «ҚазАгро»ҰБХ»АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов ҚР Үкіметінің селокторлық режимдегі кезекті отырысында.

«2015 жылы жария етуге жататын ұймыдар тізімін кеңейту аясында «ҚазАгро» ҰБХ»АҚ бәсекелестік ортаға өзінің 4 еншілес компаниясын өткізуді қарастыруда. «Азық түлік келісімшарт қорпорациясы»ҰК»АҚ,  «ҚазАгроӨнім»АҚ, «ҚазАгроҚаржы»АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ. Бұл компаниялар оларды құру барысында қойылған мнідеттерді орындады және дәл қазір бәсекелестік алаңанда жұмыс істеуде», - деп мәлімдеді ол.  

Бүгінгі таңда Холдинг жария ету аясында арнайы жоспар түзді.

«Жоспарланған шаралар  бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер енгізуді, сатылтын акциялар топтамасының көлемін бекітуді, инвесторларды іздестіруді көздейді», - деп жалғастырды ол.

Холдинг басшысының айтуынша, активтерді бәсекелестік ортаға өткізу, акционерлер мен инвесторлардың мүддесін сақтау арқылы акциялар топтамасын саудаға шығару кәсіби консультанттарды тарту арқылы жүргізілуде.  

Айта кетерлік жайт, мұндай өзгерістер холдингтің негізгі қызметіне әсер етпейді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар