«Самұрық-Қазына» АҚ қызметтің жаңа моделін енгізеді

23 Қараша, 2015 14:52
«Самұрық-Қазына» АҚ компания топтарын трансформациялау аясында қоғам қызметінің жаңа моделі енеді. Үкіметтің селекторлық отырысында «Самұрық-қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев аталмыш жаңа қызмет моделін таныстырды.

Белгілі болғандай, жаңа бизнес модель аясында ұйымдастыру құрылымы жаңартылды. Онда әрбір қызметке жаңа талаптар бекітілген.

«Қазіргі таңда әрбір қызметкердің бағасы берілуде. Бұл жұмыс 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқталатын болады. Аталмыш жоба 2016 жылдың екінші тоқсанында барлық еншілес компанияларға жүргізілетін болады», - деді Ө.Шөкеев.

Сондай-ақ, басқарма төрағасы келер жылы сатып алулардың жаңа тұжырымдамасы енгізілетіндігін айтты.

Елбасының  қайырымдылық жобалар мен демеушілік жүйе бойынша тапсырмаларын орындау барысында  барлық қайырымдылық шараларын бірыңғай оператор «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы - Samruk-KazynaTrust» арқылы жүргізіледі. 

Барлық жаңалықтар