• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» АҚ 15 желтоқсанда активтерді заңдастыруға дайын болады – Шөкеев

«Самұрық-Қазына» АҚ 15 желтоқсанда активтерді заңдастыруға дайын болады – Шөкеев

23 Қараша, 2015 14:42
«Самұрық-Қазына» АҚ 15 желтоқсанда активтерді заңдастыруға дайын болады,деді «Самұрық-қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Ө.Шөкеев жекешелендіру аясында қорлар мен компаниялар активтерді сатылымға шығаруға дайындық жүргізуде. Кәсіпкерлерді іріктеуде қор екі негізді назарға алады: бизнестің салалығы мен эконоикалық құны.

«Активтердің тізімі бекітілгеннен кейін Үкіметтің шешімін жүзеге асырған соң 15 желтоқсанда біз толық дайын боламыз. Біз тәуелсіз консультанттармен  бірге активтерді бағалауға көшеміз», - деді ол.

Оның айтуынша, жекешелендіру бәсекелік ортаға салалық емес активтерді беруге мүмкіндік береді. Бұл ұлттық компаниялар ресурстарын бәсекелік ортадағы қызметтен босатады.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар