- Басты
- Жаңалықтар
- Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы күн сайын әлемнің 1000-нан аса арнасынан қажетті ақпаратты береді
Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы күн сайын әлемнің 1000-нан аса арнасынан қажетті ақпаратты береді
Мұндағы бес спутниктік қабылдағыштың арқасында әскери қызметшілер күн сайын әлемнің 1000-нан аса арнасынан қажетті ғылыми-техникалық мәліметтерді ала алады. Орталықтың әртүрлі спутниктерден 20 спутниктік арнаны бір уақытта қабылдау және тамашалау, автоматты және қолмен режімге келтіруде 10 арнадан бір уақытта жазу мүмкіндіктері бар.
Бұл ретте ҰҚУ Ғылыми-зерттеу институты ғылыми-экспериментальді бөлімінің аға офицері лейтенант Дәурен Қасеновтің айтуынша, деректер сақтағышының көлемі 1 нетабайтты құрайды, бұл дегеніміз 1 000 000-нан аса гигабайт. Мамандардың есептеуі бойынша мұндай қормен ақпаратты жазып алуды шамамен 10 жыл жүргізуге болады.
Орталықтың өзі берілген өлшемдер бойынша телевидение, радио арналар бойынша көрсетілетін Ғаламтор желісінде аудио, бейне және фотомәліметтерді автоматты түрде іздеу және ұстап алу жүйесінен тұрады. Ол ғылыми-техникалық ақпараттың ресурстарын құру және онымен әскери ғылымдарды, құрылымдық бөлімшелердің мамандарын, жоғары оқу орнының докторанттары мен магистранттарын қамтамасыз ету үшін қуатты құрал болып табылады.
Сонымен бірге, Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми жұмысы үшін ақпарат көзі. Заманауи ақпарат ғасырында ұдайы, ал бастысы ақпаратқа кең түрде қол жеткізу қажеттілігі бірінші орынға шыққанда мұндай орталықтар мен зертханалар ерекше өзекті болып отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді