- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы ШОБ-ті қолдау үшін 200 млн доллар көлемінде АДБ несиелік желісі тартылатын болады
2016 жылы ШОБ-ті қолдау үшін 200 млн доллар көлемінде АДБ несиелік желісі тартылатын болады
«Ағымдағы жылы Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен 13 жоба жүзеге асырылуда, соған орай 2015 жылы қоса қаржыландыруға 8 млрд. теңге бөлінген болатын. Бұл ретте Ұлттық қорды басқару кеңесінің шешімімен бұған дейін бөлінген 39,2 млрд теңге қайта қаралып, 31,2 млрд теңге болып бөлінді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банкпен ағымдағы жылы қарыз туралы 3 келісімге қол қойылды. Соған байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасын Парламент ратификациялады, тағы екі жоба Мәжілістің қарауында жатыр», - деді Ерболат Досаев.
Министр атағандай, 2016 жылы Үкімет Дүниежүзілік банкпен әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және білім беру жүйесін жаңғырту бойынша 2 келісімшартқа қол қоймақ.
Оның айтуынша, бұдан бөлек, 200 млн. доллар шамасында шағын және орта бизнес үшін несиелік желіні тарту қарастырылады.
«Осыған ұқсас 15 жобаның құрылысы үшін құжаттар әзірлеу басталып кетті. Оларды қаржыландыру 2016 жылы күтіледі. Жалпы ЕҚДБ кредиттік желілері бойынша 2016 жылы 200 млн. доллар қаражат тартылады», - деді министр Е. Досаев.
Индира Кауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді