- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі қараша айының соңына дейін инвестиция саласында жұмысты күшету бойынша ұсыныс беруді тапсырды
ҚР Премьер-Министрі қараша айының соңына дейін инвестиция саласында жұмысты күшету бойынша ұсыныс беруді тапсырды
«Біз 1 қаңтардан бастап «бәр терезе» арқылы жұмыс істейді, сіздердің министрлікте (ИДМ) инвестициялық штаб, әкімдіктер жұмыс істеуде. Бірақ, жалпы алғанда біз барлық бейнені толық көре бермейміз. Мемлекет басшысы өзінің шетелдік елдердегі кездесулері барысында Қазақстанға қажетті қызықты жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер өткізеді. Содан кейін, инвестор факт бойынша кімге жүгіну керектігін білмейді», - деді К.Мәсімов.
Үкімет басшысы апта соңына дейін елге инвестиция тарту бойынша ұсыныс жасауды тапсырды.
Өз кезегінде ИДМ басшысы Әсет.Исекешев Елбасының тапсырмасы бойынша инвестиция тарту саласындағы шаралар туралы айтып берді.
«Кәрім Қажымқанұлы өте орынды мәселені көтеріп отырсыз. Расында да, кей аймақтарда несиемен кәсіпорын ашып, ісін ілгерілетеді. Алайда, қазіргідей дағдарыс жұмысын енді бастаған өндірушілердің адымын аштырмасы анық. Қаржыдан қысылған мұндай мекемелер мемлекеттен көмек сұрауға мәжбүр болады. Ал ешқандкй көмек көрсетілмесе, жұмыс орнын қысқартуына тура келеді. Ол өз кезегінде елдің тұрмыс-тіршілігінің тұралауына сеп. Сондықтан да біз осындай мәселелердің алдын алу мақсатында, ендігі жерде кәсіпорындарға институционалдық тұрғыда ғана көмектесуге ынталаным отырмыз. Соның аясында олардың өнімдерін экспорттауға атсалысатын боламыз», - деді Әсет Өрентайұлы.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өңір әкімдеріне ИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында іске асырылып жатқан индустриалдық жобаларға ревизия жүргізуді тапсырды.
Ал өз кезегінде сөз алған ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов елдегі кәсіпкерлердің даму тарихы да назарға алынып жатқандығын атап өтті.
«Біз бүгінге дейін 10 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісін мұқият зерделеуден өткіздік. Осы күндері 370-тен астамы тексерілу үстінде. Бұл тексерісте біз кәсіпкерлердің осы күндегі әлеуеті мен өнім өндіру мүмкіндігі, қаржылық жағдайы мен бәсекеге қабілеттілігіне баса көңіл бөлудеміз. Әсіресе, жаңадан ашылатын кәсіпорындар келешегінің жарқын болуына басымдық бермекпіз. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз тиісті ведомстволар мен аймақтардағы әкімдіктермен тығыз қатынаста жұмыс жүргізудеміз», - деді Абылай Исабекұлы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді