• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы министрі Б.Сұлтанов мүлік пен ақшаны заңдастырудың жеңілдетілген үрдісін түсіндірді

Қаржы министрі Б.Сұлтанов мүлік пен ақшаны заңдастырудың жеңілдетілген үрдісін түсіндірді

23 Қараша, 2015 13:56
13 қарашада Елбасы мүлікті заңдастыру туралы заңына қол қойды, заң бойынша үрдіске жаңа әдістер енді. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің селекторлық отырысында айтты.

«Біріншіден, заңдастырудың жеңілдетілген жолы жоқ. Енді ақшаны екі жолмен заңдастыруға болады. Бірінші әдіс: банк есебі арқылы сақтап, қажеттілігіңе жұмсау. Мәселен, бизнес салу, жылжымайтын мүлік сатып алу. Бұл 10 пайыздық төлемсіз жүзеге асырылады. Екінші жолы: шетелде немесе жеке қолданыстағы ақшаны заңдастыру. Бұл орайда 10 пайыздық төлем ұсталып қалады», - деді ол.

Министр атап өткендей, екі жағдайда да заңдастыру субъекті сәйкес декларацияға келіп, мемлекеттік кірістер органдарына қажетті құжатты ұсынады.

Қазақстан аймағындағы мүлікті немесе ақшаны заңдастыруға келетін болсақ, мемлекеттік кірістер органдарына қажетті құжатты ұсынса жеткілікті.

 

 

Барлық жаңалықтар