Ә.Исекешев: ИИДМБ аясында 2015 жылы 120 жоба жүзеге асырылады

23 Қараша, 2015 13:52
Қазақстанда 2015 жылдың қорытындысы бойынша 120 жоба пайдалануға беріледі, деп хабарлады ҚР инвестициялар мен даму министрі Әсет Исекешов ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен селекторлық режимде өтіп жатқан кезекті отырыста.

«Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Индустрияландыру картасы аясында 120 жоба пайдаланылуға беріледі, оның ішінде 3-уі республикалық мақсаттағы жоба. 117 жоба аймақтық деңгейдегі жоба, бар болғаны жыл соңына дейін бір ай қалды, барлық мәселелерді шұғыл түрде шешу керек», - деп мәлімдеді министр.

Сонымен, Индустрияландыру картасының жобалары 10 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Айта өтейік, жобалардың басым бөлігі жеке бизнестің жобасы  - 111 жоба немесе  92,5%, оның ішінде шетелдік инвесторларлдың қатысуымен 22 жоба. Мемлекеттік бюджеттің қатысуымен 9 жоба немесе 7,5%. Жалпы, олар металлургия (11 жоба, 497 млрд тең) машинақұрылсы  (11 жоба, 21 млрд теңге), мұнайхимия (7 жоба, 30,3 млрд теңге), химия өндірісі (7 жоба, 4,5 млрд теңге), фармацевтика (4 жоба, 11 млрд теңге), құрылыс индустриясы (43 жоба, 52,7 млрд тең) жеңіл өнеркәсіп (4 жоба, 3,7 млрд теңге), тамақ өндірісі  (40 жоба, 47,4 млрд теңге), энергетикка (7 жоба, 65,3 млрд теңге), ғарыш  (1 жоба, 63,2 млрд теңге)  салаларын қамтыған.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар