• Басты
  • Жаңалықтар
  • Индустрияландыру картасының жобалары 2010 жылдан бастап 5,2 трлн теңгенің өнімін шығарды

Индустрияландыру картасының жобалары 2010 жылдан бастап 5,2 трлн теңгенің өнімін шығарды

23 Қараша, 2015 13:37
Индустрияландыру картасының жобалары 2010 жылдан бастап 5,2 трлн теңгенің өнімін шығарды, деді ИДМ басшысы Ә.Исекешев Үкіметтің селекторлық отырысында.

«Карта бойынша енгізілген жобалар 2010 жылдан бастап 5,2 трлн теңгенің өнімін өндірді, оның ішінде осы жылдың 9 айында 1 трлн теңгенің өнімі дайын болды», - деді министр.

Индустрияландыру картасы жобаларының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі күн санап өсіп, 15 пайызды құрап отыр.

Индустрияландыру картасы жобалары 22 пайызды металлургия шығару бойынша, 30 пайыз – химия өнеркәсібі, 33- құрылыс индустриясы.

Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің көптеген салалары өңдеу өнеркәсібінің қозғаушы күшіне айналды.

Мәселен, өңдеу металлургиясы (+26%), құрылыс материалдарының түрлі-түсті металлургиясы (+4,2%), химия өнеркәсібі (+2,9%). 

Индира Кауметова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар