Өңдеушi өнеркәсiпке шетелдiк тiкелей инвестициялар ағыны 2 есе артты – ИДМ

23 Қараша, 2015 13:32
Өңдеушi өнеркәсiпке шетелдiк тiкелей инвестициялар ағыны 2 есе артты. Бұл жөнiнде ҚР Премьер министрiнiң төрағалық етуiмен өткен Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев мәлiмдедi.

«2014 жылы Қазақстан шетелдiк тiкелей инвестициялар тарту бойынша үздiк отыз елдiң қатарына кiрдi. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, өңдеушi өнеркәсiпке шетелдiк тiкелей инвестициялар ағыны 2 есе артты. Биылғы жылдың I жартыжылдығында тiкелей инвестициялар дамушы елдер нарығынан дамыған елдерге кеткен уақытта бұл жағдай Қазақстанға да әсер етпей қоймады. Осылайша, тау-кен секторындағы тiкелей инвестициялар 40%-ға, саудада 38%-ға, геологиялық барлауда 30%-ға төмендесе, өңдеушi өнеркәсiптегi көрсеткiш өткен жылғы деңгейде қалды», - дедi министр.

Әсет Исекешевтың айтуынша, бүгінде инвестициялық климатты жақсарту бойынша ЭЫДҰ-мен жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Ұйым инвесторлар алдындағы кедергiлер бойынша 12 ұсыныс әзiрлеген көрінеді.

 

Барлық жаңалықтар