• Басты
  • Жаңалықтар
  • ​А.Сәрінжіпов: 1900 студент ИИДМБ аясында инновациялық бағдарламалар бойынша білім алып жатыр

​А.Сәрінжіпов: 1900 студент ИИДМБ аясында инновациялық бағдарламалар бойынша білім алып жатыр

23 Қараша, 2015 12:56
Қазақстандық ЖОО-лар ИИДМБ бағдарламасы аясында 24 инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауда. Қазіргі таңда 1900 орын көлемінде мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Бұл туралы ҚР Үкіметінің селекторлық отырысы барысында ҚР Білім жәні ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

«2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 11 базалық ЖОО-да 24 инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау жұмысы басталып кетті, – деп мәлімдеді өз баяндамасында министр. – Салалық магистратура бойынша 1900 орын көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Бағдарлама ИИДМБ кәсіпорындарымен және біздің халықаралық академиялық серіктестермен бірігіп әзірленді».

Оның айтуынша, қазіргі таңда 24 заманауи зертхана ашу мен басқа да жұмыстар кесте бойынша уақытында орындалып жатыр.

 

 

Барлық жаңалықтар