- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: ҚР-да 2016 жылдың соңына дейін республикалық автожолдардың құрылысы бойынша 5 жобаның аяқталуы жоспарланған
«Нұрлы жол»: ҚР-да 2016 жылдың соңына дейін республикалық автожолдардың құрылысы бойынша 5 жобаның аяқталуы жоспарланған

«2015 жылы министрлікке «Нұрлы жол» аясында 8 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуға келіп түсті. 2016 жылы өтетін 9 жоба бойынша жұмыстар жалғастырылады және 2016 жылдың соңына дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Бейнеу - Ақтау», «Астана - Теміртау», «Алматы - Қапшағай - Талдықорған», «Астана - Петропавл» жобалары аяқталады», - деді Ә. Исекешев.
Ол толықтырып кеткендей, халықаралық қаржы институттарынан алынған займ бойынша бағам айырмашылығына байланысты қомақты қаржы үнемделеді және ол 2017 жылы ұзындығы 1 мың шақырым жолдың жаңа үчаскелерінің құрылысына бағытталатын болады.
«Аталмыш учаскілер тізімі қарастырылуда және ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында ҚР Үкіметінің қарауына жіберіледі», - деді ҚР ИДМ.
Қаржының игерілуіне тоқталған министр, Ұлттық қордан негізгі бағыттарға бөлінген 178 млрд теңгенің 138 млрд теңгесі игерілді, қалған 38%-ы немесе 40 млрд теңгесі жыл соңына дейін толық көлемде игерілетін болады, деп атап өтті. Оның айтуынша, Астана әуежайының құрылысына бөлінген 29 млрд теңгенің 12,5 млрд теңгесі игерілді, қалған қаржы 2015, 2016 жылдары бөлінетін болады.
«Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда және Ұлттық қордан бөлінген қомақты қаржы уақытында игеріледі», - деп атап өтті Ә. Исекешев.
Министрдің мәліметі бойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының барлық инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға 100 мыңға жуық адам тартылған.
Ол еске салып өткендей, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 16 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде автожол, теміржол, су көлігі, әуе және логистика саласында - 11 жоба.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді
-
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды
-
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды
-
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы
-
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған
-
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек
-
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек
-
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр
-
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды

