- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері шамамен 30 литр қан тапсырды (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері шамамен 30 литр қан тапсырды (ФОТО)
Әскери қызметшілер басшылықтың ұсынысын бірауыздан қолдады. Нәтижесінде ҚР ҚК-нің әскери полицейлері барлық қажетті медициналық тексеруден өтіп, 29 литр 250 мл қан тапсырды. Ол үшін Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағына қалалық қан банкісін толтыру үшін Алматы қалалық қан орталығынан медициналық мамандар тобы келді. Одан басқа, қан құю бойынша ем-шара аяқталғаннан кейін қалалық қан орталығының мамандары донорларға арналған бірқатар пайдалы зерттеулер жүргізеді.
Бұл әрі қарай қажет болған жағдайда қан доноры болып қалуға мүмкіндік береді. ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері ұдайы негізде Қазақстанда донорлықты дамыту ісінде өздерінің үлестерін қосып жатқанын және қазіргі уақытта донорлық қанға өте мұқтаж жандарға көмектесіп жатқанын айта кетейік. Мұндай іс-шаралар Қазақстанның Қарулы Күштерінде қалыптасқан ахуалды өзгерту үшін он жылдан астам уақыт бойы жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады.
Шамамен 4 ай бұрын донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акцияны ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы, 657-қамтамасыз ету комендатурасы мен 21140-Б әскери бөлімінің әскери қызметшілері өткізді. Жалпы алғанда, әскери қызметшілер шамамен 30 литр қан тапсырды. Қан тапсыру донор үшін ешқандай зиянды салдары жоқ. Керісінше, қанның белсенді жаңаруына, жүрек қан тамыры жүйесі мен ішкі органдар жұмысының жақсаруына ықпал етеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет