- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да жыл соңына дейін 929 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі – Бішімбаев
ҚР-да жыл соңына дейін 929 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі – Бішімбаев
«Бәйтерек»ҰБХ» АҚ мәліметі бойынша, қазіргі таңда жалпы алаңы 665 мың шаршы метр немесе 11638 пәтердің құрылысы мен сатып алуға келісімдер жасалды.
«2015 жылдың жоспары – 400 мың шаршы метрді немесе 7 мыңнан кем емес пәтерді пайдалануға беру. Жыл соңына дейін 20 млрд теңге игерілетін болады, жалпы игерілген қаржы сомасы шамамен 75 млрд теңгені құрайтын болады. Бұл қаржыға 422 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, осылайша 2015 жылдың жоспары 6%-ға артығымен орындалады. Ал, жалпы тапсырылатын пәтерлер саны - 7 136», - деді Қ.Бишімбаев.
Қалған 17,5 млрд теңге 2016 жылдың бірінші тоқсанында игеріледі. Бірінші тоқсанда 244 шаршы метр пайдаланылуға беріледі.
«Жалпы, біздің бағыт бойынша тұрғын үйдің бір шаршы метрі 123 мың теңгені құрайды. Осылайша жалға берілетін баспаналар халықтың кең ауқымына қолжетімді болады. Болашақта сатып алу құқығы бар жалға берілетін баспаналардың бір шаршы метрі орташа есеппен 950 теңге», - деп атап өтті Қ.Бишімбаев.
«Бәйтерек»БХ»АҚ басқарма төрағасы атап өткендей, ағымдағы жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»АҚ желісі бойынша 507 мың шаршы метр үйдің құрылысы аяқталды.
«Ағымдағы жылы 929 мың шаршы метр пайдаланылуға беріледі. Құрылыс барысындағы қазақстандық қамту үлесі 80%-дан кем емес. Ұлттық валюта бағамындағы өзгерістер құрылысы мерзіміне еш әсер еткен жоқ. Құрылыс барысында шамамен 21 мың жұмыс орны ашылды», - деп түйді ол.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі