- Басты
- Жаңалықтар
- Макроэкономикалық тұрақтылық – инвестиция тартудың ең басты факторы
Макроэкономикалық тұрақтылық – инвестиция тартудың ең басты факторы
«Елімізде жұмыс істеп жатқан инвесторлардың 84 пайыз респонденті мемлекеттің инвестиция тартуына ең басты фактор ретінде макроэкономикалық тұрақтылықты атайды. Әлемдік экономикалық дағдарыс Қазақстанды айналып өтіп, бар болғаны экономикалық дамудың қарқынын бәсеңдетті, банктік несиелердің қолжетімділігін азайтты. 2009 жылы үкімет экономикалық жетілудің бірқатар шараларын қолға алды.Көптеген респонденттердің ойынша, үкімет қабылдаған дағдарыстың алдын алу шаралары мен қол жеткізген макроэкономикалық тұрақтылық елдің үлкен жетістігі болып табылады», - делінген хабарламада.
Экономикалық құлдырауларға қарамастан, Қазақстан ЖІӨ көлемін 1,2%-ға арттыра алды. 2009 жылдан бастап ЖІӨ көлемі тұрақты өскен, атап айтсақ, 2010 жылы 7,3%, 2011 жылы 7,5% және 2012 жылы 5%-ға көтерілген.
Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) дайындаған «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік, 2012-2013 жылдар» (Global Competitiveness Report 2012—2013) баяндамасына сай, Қазақстан 144 елдің ішінде макроэкономикалық тұрақтылық көрсеткіші бойынша 16-ыншы орынға табан тіреген. Ал 2012 жылдың қараша айында Fitch дүниежүзілік рейтингтік агенттік Қазақстанның рейтингін BBB+ дәрежесіне көтеріп, «Тұрақты» деген баға берген.
«Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлардың 80 пайыз респонденті елдегі саяси және экономикалық тұрақтылыққа өте жоғары баға береді. Economist Intelligence Unit-тің «2009-2010 жылдардағы саяси тұрақсыздық индексі» баяндамасына сай, Қазақстан әлемдегі саяси тұрақты 50 елдің тізіміне енеді», - деп хабарлайды EY компаниясы.
Сонымен қатар, инвесторлар Қазақстанның инвестиция тартуына қызығушылық тудыратын фактор ретінде телекоммуникациялық инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде болуы, бәсекеге қабілетті салық салу жүйесі мен елдің тұрақты даму көрсеткішін атайды.
Ал кері әсерін тигізетін жағдай ретінде кәсіпкерлік ашудың қиындығы, транспорттық-тасымалдау инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымауын алға тартады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек