• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан халық достығы университетінің «Достық» командасы ҰСЛ чемпионы атанды (ФОТО)

Қазақстан халық достығы университетінің «Достық» командасы ҰСЛ чемпионы атанды (ФОТО)

23 Қараша, 2015 11:32
Қазақстан инженерлік-педагогикалық халық достығы университетінің «Достық» командасы ұлттық студенттер лигасының чемпионы атанды, деп хабарлады ҚР БҒМ.

Естеріңізге сала кетейік, «Көктем-күз 2015» Ұлттық студенттер лигасы ойындарының қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне жолдама ұтып алғандар: «А» тобында – Арлан (ҚазҰУ, Алматы) және Сұңқар (ОҚМУ, Шымкент); «D» тобында- Caspian University (Каспий университеті, Алматы), Қазтұтынуодағы (ҚЭУ, Қараганды);  «В» тобынан Алтын Дән (ҚазҰАУ, Алматы) және Агротех-57 (ҚазАТУ, Астана) шықты; «С» тобында Достық (ҚИПХДУ, Шымкент) және ҚарМУ (ҚМУ, Қарағанды) күштірек шықты.

Сонымен, маусымның басты матчының шешуші кезеңінде  Қазақстан инженерлік-педагогикалық халық достығы университетінің «Достық» командасы 5:1 есебімен  «Қазтұтынуодағы» командасынан айласын асырып, ұлттық студенттер лигасының чемпионы атанды. 

Барлық жаңалықтар