Қызылордада мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобалары талқыланды

23 Қараша, 2015 10:59
Қызылорда облысында облыс әкімдігі мен «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Халықаралық қаржы корпорациясы» мен «Байқоңыр ӘКК» арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәжілісте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобалар талқыланды.

Олардың қатарында облыс орталығында ауысымына 500 келушіге арналған емхана (жобаға тартылатын инвестиция көлемі - 1, млрд. теңге), келесі жоба - «СМПК-70» мөлтек ауданында салынатын 600 орындық колледж және 200 орындық жатақхана (жобаға тартылатын инвестиция көлемі – 1,9 млрд. теңге), апаттық жағдайдағы мектептердің орнына салынатын нысандар, жоба аясында 11 білім ұясы салынады деп күтілуде (жобаның құны – 4,5 млрд. теңге), Қорқыт ата әуежайның жаңа терминалының құрылысы (жобаның құны – 7,5 млрд. теңге), Сырдария ауданының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жобасы (жобаның құны – 1,3 млрд. теңге).   

Осы жобаларды жүзеге асыру, қажет құжаттарын әзірлеу жұмыстарын «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүргізу орталығы» ЖШС жүргізетін болады.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Қ.Көшербаев жауапты сала басшыларына жобаларды жүзеге асыруды мерзімінен кешіктірмеуді тапсырды.

 

Барлық жаңалықтар