- Басты
- Жаңалықтар
- Соңғы жылдары Қызылорда облысында балық өнімін өңдеу көлемі екі есеге көбейді (ФОТО)
Соңғы жылдары Қызылорда облысында балық өнімін өңдеу көлемі екі есеге көбейді (ФОТО)
Соңғы 3 жылда балық аулау көлемі 35 пайызға, Кіші Арал теңізі бойынша 47 пайызға өсті. 2014-2015 жылдары балық өңдеу көлемі 2 есеге көбейді. Биылға балық аулау лимиті өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға (6725-тен 8 391 тоннаға) ұлғайды. Соның ішінде, Кіші Арал теңізі бойынша 30 пайызға көбейіп, Балхаш көлінен ауланатын балықтың көлеміне жетті.
Аталған мүмкіндіктерді облыста балық шаруашылығы саласын дамытуда ұтымды пайдалану үшін «Балық консорциумы» құрылған болатын. Консорциумның басты мақсаты ауланған балықтың барлығын облыстан тек қана өңделген түрінде шығаруды ұйымдастыру.
Өңірдің балық шаруашылығын дамытуға қатысты өткен мәжілісте облыс әкімі Қ.Көшербаев сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, Аралдан өңделмеген балық шығарылмауы тиіс. Заңсыз балық аулаумен күресті күшейту керек деп қатаң тапсырды. Сондай-ақ, балық шаруашылғына ең алдымен жергілікті тұрғындарды тарту арқылы, оларды жұмыспен қамту мәселесін шешу қажеттігі де айтылды.
«Облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыттарымызда әлі күнге дейін шикізатпен толық қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппай отыр. Балық өңдеу кәсіпорындарының тек 2-уі ғана өнімдерін Еуропаға экспорттай алады. Осы жылдың 9 айында Кіші Арал теңізіне белгіленген лимиттің тек, 19 пайызы ғана Еуропа және ТМД елдеріне экспортталған. Балық өнімдерінің экспортын 50 пайызға жеткізуіміз керек», - деді Қ.Көшербаев.
Жыл басынан бері облыс бойынша 422 табиғат заңдылығын бұзушы анықталып, келтірілген залал 3 млн. 157 мың теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырнғанда 6 есеге артқан деген мәліметті облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев келтірді.
Осы орайда облыс әкімі ішкі істер органдарының басшыларына жауапты инспекциямен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.
«Балық шаруашылығы Арал өңірінің экономикасымен қатар, әлеуметтік жағдайына тікелей әсерін тигізіп отырған сала. Арал ауданында еңбекке жарамды 31 200 адамның 2 261 жұмыссыздар қатарында. Осыған қарамастан, Кіші Арал теңізінен балық аулауға жұмысшылар басқа өңірлерден келіп жұмыс істеуде. Бұл ешкімге жасырын емес. Ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп алуымыз керек», - деді облыс әкімі.
Алдағы 5 жылда САРАТС-2 жобасы жүзеге асады. Жобаның жалпы құны – 23,2 млрд. теңге. Осы арқылы Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі және өзен сағасындағы жалпы ауданы 34 мың гектар болатын көлдер суға толады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді