- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» холдингі 2016 жылы 4502 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлауда
«Бәйтерек» холдингі 2016 жылы 4502 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлауда
«2015 жылға қойылған міндет – 400 мың шаршы метр немесе шамамен 7 мың пәтермен қамтамасыз ету. 2015 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Семей, Талдықорған, Павлодар, Көкшетау және Ақтау қалаларында барлығы 244,7 мың шаршы метр немесе 4229 жалға берілетін пәтер пайдаланылуға берілді. Қалған 2 872 тұрғын үй жыл соңына дейін халық игілігіне берілетін болады. Осылайша, 2015 жылдың негізгі міндеті орындалатын болады. Алғаш рет Қазақстанның тарихында мемлекеттік құрылым 400 мың шаршы метр тұрғын үймен бір жылдың ішінде қамтамасыз ете алды», - делінген ақпаратта.
Айта өтейік, келесі міндет - 2016 жылы 411 мың шаршы метр тұрғын үйді салу үшін барлық дайындық жұмыстарын жүргізу.
«Бүгінде 2016 жылы жалпы сомасы 37 млрд теңгеге шаршы алаңы 249,4 мың шаршы метр (4502 пәтер) болатын 13 нысанның құрылысы бойынша келісімдерге қол қойылды. Ол үшін сәйкесінше байқаулар өткізіліп, құрылыс жұмыстарына бастау берілді. 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 1 483 мың шаршы метрді пайдалануға беру немесе 29 отбасыны жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған», - делінген хабарламада.
Ботагөз Айтжанова
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді