• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкіметінде мемлекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Үкіметінде мемлекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды

21 Қараша, 2015 16:17
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2015 жылдың 18 қарашасында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді.

Кеңесте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің дамуы туралы баяндады.

Отырыста МЖС ағымдағы жағдайы мен аталмыш механизмді өңірлер мен салаларда енгізу мәселесі талқыланды.

МЖС бойынша кеңестер, көшпелі отырыстар мен семинарларды квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік басқару дәрежесінде өткізу үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктер арасында әдістемелік жұмыс жүргізілді.

МЖС жобаларын жүзеге асыру үшін бизнес-құрылымдарды тарту үшін «Бизнестің жол картасы-2020» арқылы семинарлар өткізілетін болады.

Аталмыш бағытта кешенді жұмыс атқару үшін «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік серіктестік орталығы» АҚ мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылатын болады. 

Барлық жаңалықтар