• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Иран саяси және экономикалық ынтымақтастықты белсенділетуге мүдделі

Қазақстан мен Иран саяси және экономикалық ынтымақтастықты белсенділетуге мүдделі

23 Қараша, 2015 09:31
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы тұжырымдаманы әзірлеу бойынша арнайы жұмыс тобының 42-ші отырысы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрахим Рахимпурмен кездесті.

Кездесу аясында Қазақстан мен Иран арасында саяси және экономикалық  ынтымақтастықтың  тереңдеуі мәселелері талқыланды. Басты назар көліктік және энергеикалық ынтымақтастық әлеуетіне аударылды, деп хабарлады ведомство.

«Тараптар өңірлік өзекті мәселелер мен қоса Таяу Шығыстағы жағдай мен лаңкестікті  талқылады. Ирандық тарап Қазақстанға ирандық ядролық бағдарлама аясындағы рөлі үшін алғыс білдіріп, Астананаң өзге өңірлік мәселелерге қатысуының маңыздылығын атап өтті», - делінген хабарламада.

Қазақстандағы  И.Рахимпураның сапарында  Қазақстан-Иран саяси консультациялары өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Мусинов басқарды.

Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрліктерінің консультациялары барысында екіжақты саяси және экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық талқыланды.

 

 

Барлық жаңалықтар