• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен балтық елдер арасында сыртқы саяси ведомствоаралық консультациялар өтті

Қазақстан мен балтық елдер арасында сыртқы саяси ведомствоаралық консультациялар өтті

21 Қараша, 2015 15:04
2015 жылдың 16-19 қарашада Эстония, Литва және Латвияда Қазақстан мен балтық елдердің сыртқы істер министрліктері арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялар өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Келіссөздердің ең басты мәселесі Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы визалық тәртіпті жеңілдету, реадмиссия және консулдық құқықтық ыңтымақтастық саласының басқа да аспектілері болды.

Кездесу барысында еуропалық елдердің әріптестері ҚР мен ЕО визалық тәртіпті жеңілдету бойынша Қазақстанның келіссөздерді бастау күш-жігеріне қолдауын көрсетті.

Тараптар консулдық ынтымақтастығының маңыздылығын және бұл консультациялардың пайдасын, сонымен қатар, өзара іс-қимыл бойынша өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар