Алматылық бизнес әлеуметтік жауапкершіліктің артқанын көрсетуде

21 Қараша, 2015 14:31
Бизнеске әлеуметтік жауапкершілік көрсету аясында Алматы әкімдігі мен «Банк ЦентрКредит» АҚ және « «PNB-Казахстан еншілес компаниясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қойылған келісімдер аясында балабақша мен көшені жарықтандыру мәселелері шешілетін болады, деп хабарлады әкімдік.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистегі әлеуметтік-экономикалық жағдайында бизнестің маңызды рөлін атап өтті. Алматылық бизнесмендер ШОБ саласында Қазақстанда өндірілетін өнімнің төрттен бірін қамтамасыз етіп отыр.

«Біздің Елбасы Н.Назарбаев бизнеске әрқашан аса көңіл бөледі. Бүгінде бизнес-құрылымдар өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуде. Елбасы атап өткендей, 5 институционалдық реформа аясында үш маңызды фактор бар: мемлекет азаматтарға қызмет көрсету үшін ашық болууы тиіс, барлық қызмет ашық көрсетілуі тиіс, меморгандар есепті және ашық болуы тиіс», - деді Б.Байбек.

Меморандумға сәйкес, «Банк Центр Кредит» АҚ 6 млрд теңгенің жобаларын қаржыландырады. Аталмыш қаржы бизнесті дамытуға, үйлердің құрылысына, коммерциялық мүлікке, өндірістік қуатты дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, балабақшалар мен СКО, медициналық мекемелер мен өзге әлеуметтік нысандарды қаржыландыруға келісім орнатылды.

 

Барлық жаңалықтар