• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ж.Айтжанова: Ағымдағы жылы Найробиде Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болып жарияланады

Ж.Айтжанова: Ағымдағы жылы Найробиде Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болып жарияланады

20 Қараша, 2015 18:42
Ағямдағы жылы 10-18 желтоқсан аралығында Найробиде өтетін ДСҰ-ның Х министрліктер кездесуіне Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болып жарияланады, деп хабарлады ҚР Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова дөңгелек үстел барысында.

«Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылу бойынша құжаттар пакетін ратификациялау рәсімін аяқтаған болатын.. Енді 2015 жылдың 15 желтоқсанында ДСҰ елдері сауда министрлерінің конференциясында  Қазақстан ресми түрде ДСҰ мүшесі ретінде жарияланатыны жоспарланып отыр», - деді Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова.

Сыртқы істер вице-министрі Алексей Волков атап өткендей, Қазақстанға  Еуропа Одағымен ынтымақтастықты дамытуда визалық режимді жеңілдету маңызды.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер Еуропа Одағымен тікелей диалог орнатуға мүдделі. Сол себептен ЕАЭО Еуразиялық комиссияға бұл бағытта тиісті жұмысты атқаруды тапсырды. Келісім күшіне енгеннен кейін біз үшін ЕО-мен ынтымақтастықты дамытудың басты міндеті визалық режимді жеңілдету мәселесі. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмей келеді. Дегенмен, өткен жылы біз пилоттық режимде, бір тараптан Қазақстанда ең жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 елдің азаматтарын визалық талаптардан босаттық. Бұл тізімге Ұлыбритания, ГФР, Италия, Франция, Нидерланды сияқты Еуропа Одағының экономикасы дамыған 5 ірі мемлекеті кірді. Биылғы жылы тізім тағы 10 елге артты. Олардың қатарында Испания, Бельгия, Венгрия, Швеция, Финляндия сияқты ЕО-ның тағы 5 елі бар», - дейді Алексей Волков.

Оның мәлімдеуінше, 17 млн халқы бар, тұрмыс жағдайы жақсы Қазақстан бұл елдер үшін миграциялық қауіп төндірмейді. Жыл сайын 100 мыңнан астам Қазақстан азаматы көші-қон заңын бұзбай, Еуропаға қатынайды. ҚР визалық үрдістерді толығымен жоюды қолдамайды, олардың жеңілдетілуін қалайды.

Барлық жаңалықтар