• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбыры өткізу мүмкіндігін жылына 10 млрд текше метрге дейін жеткізеді

Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбыры өткізу мүмкіндігін жылына 10 млрд текше метрге дейін жеткізеді

20 Қараша, 2015 19:49
Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбыры өткізу мүмкіндігін жылына 10 млрд текше метрге дейін жеткізеді.

Жалпы, «Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының құрылысы» жобасы 2011 жылы жүзеге асырыла бастады.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Бейнеу – Шымкент»ЖШС жобалық компаниясы құрылды, оның құрылтайшысы бірдей үлесте   «ҚазТрансГаз» АҚ мен TAPLine компаниясы (ҚХР).

Жоба жылдық өткізу мүмкіндігі 10 млрд текше метр жалпы ұзындығы 1 477 км газ құбырының құрылысын қарастырады.

2013 жылы Бозой - Шымкент учаскесінде газ құбырының желілік бөлігі аяқталды. Ал, 2013 жылы  2 желтоқсанда Бозой - Шымкент учаскесінде газ құбырының желілік бөлігін қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның актісіне қол қойылды. 

Барлық жаңалықтар