- Басты
- Жаңалықтар
- «Бейнеу-Бозой» газ құбыры уақытынан бұрын іске қосылды
«Бейнеу-Бозой» газ құбыры уақытынан бұрын іске қосылды
«ББШ» МГҚ құрылысы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға кіреді. Осы жобаның арқасында республиканың оңтүстігін батыстағы кен орындарынан отандық табиғи газбен тұрақты қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.
«Бейнеу-Бозой» учаскесін – газ құбырын пайдалануға енгізу өзінің маңыздылығына қарай тарихи оқиға болып табылады, ол еліміздің барлық магистральдық газ құбырларын бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне қосты. Бұл Қазақстанның аумағы арқылы кез келген бағытта газ тасымалдауды әртараптандыруға және импорттық газға деген тәуелділікті толығымен жоюға мүмкіндік берді. Осылайша, ҚазТрансГаз транзиттік әлеуетті арттыру және энергия ресурстарын тасымалдау бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруды жалғастырады, - деп атап өтті «ҚазТрансГаз» АҚ Басқармасының төрағасы Қайрат Шәріпбаев.
Осы жобаны аяқтау 2016 жылдың сәуір айына жоспарланған болатын, алайда газ құбыры 5 ай бұрын – жылыту маусымының басталуына қарай пайдалануға енгізілді. Бұдан басқа, тиімді менеджмент пен инновациялық басқару нәтижесінде «ҚазТрансГаз» АҚ аталған учаскені салу барысында бастапқы жоспарланған сомадан шамамен
150 млрд. теңге (500 миллион АҚШ доллары) үнемдеді. Әлемдік экономикадағы тұрақсыз ахуал және қаржыландыру көздерінің шектелуі жағдайында дәл осындай үнемді тәсілдер инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар магистральдық газ құбырының арқасында республика халқының тең жартысы тұратын оңтүстік облыстардағы 577 елді мекенге қосымша газ берілетін болады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады