• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шетелдік компаниялар Қазақстандағы телекоммуникациялық және қаржылық қызмет нарығына рұқсат алады - Айтжанова

Шетелдік компаниялар Қазақстандағы телекоммуникациялық және қаржылық қызмет нарығына рұқсат алады - Айтжанова

20 Қараша, 2015 17:59
Қазақстанның ДСҰ-ға енуінен кейін 5 жыл өткен соң шетелдік компаниялар Қазақстандағы телекоммуникациялық және қаржылық қызмет нарығына рұқсат алады, деді Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова.

«Қаржылық қызмет қатынасында біз шетелдік компаниялар Қазақстандағы телекоммуникациялық және қаржылық қызмет  нарығына рұқсат береміз», - деді ол.

Ол атап өткендей, шетелдік банктер 20 млрд доллар капиталымен ҚР-да тікелей филиалдарын аша алады.

Оның айтуынша, ҚР-ның ДСҰ-мен санитарлық және фитосанитарлық келісім орнатуы үшін 73 лаборатория салынды.

«Соңғы 10 жылда ДСҰ нормаларына сәйкес, 60 заңға өзгертулер енгізілді», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар