• Басты
  • «Нұрлы жол»: Таразда 42 отбасы пәтерге ие болды
20 Қараша, 2015 20:04

«Нұрлы жол»: Таразда 42 отбасы пәтерге ие болды

Тараз қаласында «Бәйтерек» Холдингі, әкімдік пен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ»АҚ өкілдері қатысуымен кілт тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар өтті, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ.
«Нұрлы жол»: Таразда 42 отбасы пәтерге ие болды | Strategy2050.kz

Бұл күні Тараз қаласының 42 отбасы жаңа пәтерлерге  ие болды. Тараз қаласының тұрғындары «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бірінші рет пәтер алғалы отыр. Жыл соңына дейін Тараз қаласында барлығы жалпы алаңы 28,5 мың шаршы метр 450 пәтер бөлінеді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Астана, Ақтөбе, Талдықорған және Тараз қалаларында  жалпы ауданы 28 мың ш.м. болатын  525 пәтерді бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған пәтерлер бойынша кезекте тұрғандарға кілттерді тапсыруды ағымдағы айдың соңына дейін жүргізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы «Бәйтерек» Холдингі алдында Қазақстан бойынша ауданы 401 мың ш.м. немесе 7 мың пәтерді беру міндеттері тұр. 

Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған және Павлодар қалаларында ауданы 245 мың ш.м. болатын 4 229 пәтер берілген. Жыл соңына дейін Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Өскемен, Семей қалаларында шамамен 3 мың пәтерді беру қосымша жүргізілетін болады.

 Жалға берілетін тұрғын үйлер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған жас отбасылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, көп балалы отбасылары, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, толық емес отбасы, әскери қызметкерлер санатына жататындарға беріледі.

1 шаршы метрі үшін жалдау құны орташа есеппен Алматы және Астана қалаларында 1 120 теңгені құрайды, басқа аймақтарда 923 теңгеге дейін. Жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу құқығымен 20 жылға бастапқы жарнасыз беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін жылжымайтын мүлік жалға алушының меншігіне өтеді. Тұрғын үйді 5 жылдық жалдау мерзімі өткеннен кейін қалдық сомасы бойынша сатып алуға болады.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы қараша айындағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолжетімді тұрғын үй құрылысына және қазақстандықтарды қолжетімді, сапалы, арзан үймен қамтамасыз етуде көзқарасты қайта қарастыруды тапсырған еді. Осыған байланысты ҚР Үкіметі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі, ол бағдарламада жалға берілетін тұрғын үйге ерекше назар аударылды. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды