ИДМ ДСҰ өкілдерін қазақстандық мамандарды дайындауға қатысуға шақырды

20 Қараша, 2015 17:39
Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков ДСҰ елдерінің өкілдерін қазақстандық мамандарды дайындауға қатысуды шақырды. Осы ұсынысты ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне арналған дөңгелек үстел барысында айтты.

«Ұйымға мүшелік болу халықаралық сауда құқығы мен ДСҰ бағыттары бойынша техникалық мамандарды дайындауды қажет етеді. Осы орайда ұйым құрамына енеген  ел өкілдері  сарапшылық дәрежеде өздерінің тәжірибелерімен бөліседі», - деді ол.

Осы салада мамандарды дайындау Қазақстанды бизнесті енгізу мен инвестицияларды тарту бойынша  бәсекеге қабілетті ел ретінде таныстырады.

«Қазақстан Еуропалық одақпен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты. Астанаға 21 желтоқсанда  өтетін сапар аясында ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша келісім құру жоспарланып отыр», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар